Қарағандылықтар Болгариядағы Халықаралық фестивальде лайықты өнер көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған IV Халықаралық "Несебър без границ" фестивалі Богарияда маусымның 20-22 аралығында өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Фестивальге 16 қарағандылық қатысты. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың дарындары шексіз екенін дәлелдеді.

Осылайша, Біржан Әбжанов "Этрадалық вокал. Соло" номинациясында 3 орынды иеленді. "Мүгедектер арбасымен билеу. Соло" номинациясында 1 орынды Айгүл Балмағамбетова, 2-ші орынды Зуxра Отарова еншіледі. "Хореография" номинациясында "Лучик надежды" ҚБ МБККО "Smail" ұжымы жеңіске жетті. "Қолмен ымдап ән айту. Соло" номинациясында үздік орындаушы Вадим Григорьев болды, 2-ші орынды Еламан Сәмен иеленді. "Қолмен ымдап ән айту. Ансамбль" номинациясында 1-ші орын "Стиль" ұжымына берілді.

Фестивальге бару және қатысу мүмкіндігі қалалық әкімдік пен Қарағандының депутаттық корпусының қолдауының арқасында мүмкін болды. "Лучик надежды" ҚБ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шығармашылық іс-әрекеттер арқылы белсенді өмір мен социумға мүмкіндугі шектеулі жандарды жұмылдыру бойынша жобны жүзеге асырады.

Еске сала кетсек, 2016 жылдан бастап Қарағанды мен Несебр серіктес қалалар болып табылады.