Жүздеген қарағандылық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына тағзым ету үшін жиналды. Жиналған жұртшылық шам жағып, спортшының портретінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қаза табушыны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Оны еске алу үшін аспанға ақ және қара түсті әуе шарлары ұшырылды. Қара түсті шарлар аза тұтуды білдірсе, ақ шарлар жас мәнерлеп сырғанаушының жарқын бейнесі ретінде ұшырылды.