Қарағандылықтар экология министрі бастаған эко-челленджге қолдау көрсетпек

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Twitter-дегі парақшасында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялаған акциясын қолдайтынын жариялады.

27 шілдеде Қарағандыда #birge #TazaQazaqstan экологиялық акцияға қолдауретінде сенбілік өтеді.

«Премьер-министр Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты. Бұлчеллендж-жақсы іс. Менің ойымша, акцияға қатысуымыз керек. Табиғатты тазартуғаүлес қосқанымыз абзал», - деді аймақ басшысы.

Ерлан Қошанов облыстың әрбір қаласы мен ауданында проблемалы орындардыанықтауды тапсырды. Осы сенбі күні, 27 шілдеде қала және аудан әкімдеріаппараттарының, басқармалар мен бөлімдердің қызметкерлері аумақты тазалауғашығады. Ерлан Қошанов барлық қарағандылықтарды акцияға қосылуға шақырды.

Акцияны өткізу орны мен уақыты кейінірек жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 16 шілдесінде ҚР Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында#Birge #TazaQazaqstan акциясын бастады. Ол еріктілерді, қоғам қайраткерлерін,Үкімет мүшелерін, белсенділер мен қоршаған ортаға жаны ашитын азаматтардыҚоянды су қоймасын тазалауға қатысуға шақырды.

Аталмыш акция Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар