Қарағандылықтар елімізде құрастырылған электр автобустың жұмысын оң бағалады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бір ай бойы Саран қаласындағы QazTehna зауытында құрастырылған Yutong электр автобусы сыналды. Жолаушылар отыз орындық қоғамдық көліктің ыңғайлылығы мен жайлылығын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электробуста жүру тегін болды. Күніне 150-ден 200 адамға дейін тасымалданды.

Көлік бір зарядта шамамен 300 шақырым жүре алады. Түнде батареялар зауытта орнатылған станциядан зарядталды.

Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттың қуаты күніне төрт электроавтобус шығаруға мүмкіндік береді.

Компания тапсырыстарды орындауға дайын.

Бүгінде отандық электробустар Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақтау бағыттарында қолданылуда.