Қарағанды хайуанаттар бағында қала тұрғындарының көмегімен жаңа туған жолбарыстардың есімдері таңдалды. Жолбарыс күшіктеріне ат таңдауға барлығы 400 адам қатысты.
Қарағандылықтар әртүрлі атауларды ұсынды – Хан және Тәңірі, Кара мен Ганди, Бархан мен Сахара, Люк пен Лея және тағы басқа.
«Көп талқылаудан кейін біз жолбарыстардың есімдерін таңдадық. Аталығының аты – Шерхан, ал ұрғашысының аты – Шива. Жолбарыстарға арналған атаулар байқауына барлығы 400-ден астам адам қатысты», - деп жазылғаг зообақтың Instagram парақшасында.
Бұл – Қарағанды хайуанаттар бағында 15 жылда алғаш рет туған аландар. Маусым айының басында Батыр мен Миа жұбы қос күшікті болды. Жолбарыстарға ат қою уақыты келгенде, хайуанаттар бағының басшылығы дәстүр бойынша тұрғындарға жүгініп, байқау жариялады.