Қарағандылықтар Универсиада Алауының эстафетасын дайындауға 36 млн теңге жұмсады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алдағы Универсиада Алауының эстафетасы үшін Қарағанды облысының бюджетінен 36 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына сілтеме жасап.

«Шынында, эстафетаны өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Спортшыларды дайындауға, жалпы бәріне 36 млн теңге берілді, - деді Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингте. - Біз Алау эстафетасын өткізуді ұйымдастыруға ашық конкурс өткіздік. ҮЕҰ-лар қатысты.  «Лучик надежды» ұйымы жеңіп алды.

Оның айтуынша, шараға тек қарағандылық компаниялар ғана жұмылдырылды.

Қарағандыдағы әр университеттің алдында студенттердің қатысуымен флешмоб өткізу жоспарлануда. Әр оқу орнынан - 20 ерікті жасақталды.

Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда Универсиада Алауының эстафетасы 26 қаңтар күні өтеді. Алауды «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның №2 домна пешінен тұтатып алады.