Орталықтың ақпаратынша, 5 мыңға жуық қала тұрғындары еңбекпен қамту мәселелеріне қатысты сауалдарына жауапты онлайн алған. Олардың 776-ы жұмысқа орналасты.
«Жоба қаламыздағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қолжетімді етеді. Жұмыс іздеушілерге ұсыныстар базасымен танысу үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Ал жұмыс берушілер болса, жылдам түрде өздеріне қажетті кадрларды іздеп таба алады», - делінген таратылған ақпаратта.
Жұмыс іздеу бойынша WhatsApp мобильдік қосымшасының нөмірі: 8 (775) 644 35 80.