Қарағандылықтар: Жүргізуші куәлігін ХҚО-дан алу қолайсыз

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы шалғай аудандардың тұрғындары жүргізуші куәлігін алу жүйесіне енгізілген жаңа ережелер қолайсыздық тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір олартәжірибелік емтихан тапсыру үшін Қарағанды қаласына баруға мәжбүр. Атап айтсақ,Ұлытау, Жезқазған, Приозерск пен Балхаш қаласының тұрғындары облыс орталығынажету үшін 400-ден 600 шақырымға жуық жолды еңсеруі қажет. Бұрынбұл емтихандар жергілікті тіркеу бөлімінде тапсырылатын. Осы жылдың 1шілдесінен бастап өңір бойынша емтихан қабылдайтын 8 полиция бөлімі жабылды.Қазір жүргізушілер облыс орталығында орналасқан жалғыз Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруға мәжбүр. Онымен қоса, 2012 жылы салынған автодром құрылғылардыңескіруіне байланысты 1 шілдеден бастап күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған.

«Қарағанды қаласынакеліп теориялық және практикалық емтихандар тапсыруларына тура келіп отыр. Өйткеніол жақтарда автодромдар қарастырылмаған. Әрине, Қарағанды облысының аумағы үлкенболғандықтан, алыстан ат терлетіп келетін халықтың наразылығын тудырады. Қазірбұл сұрақ орталық аппаратта талқыланып жатыр. Жақын уақытта жүргізушілердіңжергілікті жерде емтихан тапсыру мәселесі шешіледі деген үміттеміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы» АҚ ҚОФ директорының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.