Қарағандылықтарға арзан ауылшаруашылық өнімдері жеткізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында азық-түлік бағасын қымбаттатуға жол бермес үшін Жамбыл облысы мен Қырғызстаннан «Жасыл керуен» келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қарағанды облыстық әкімдігіне сілтеме жасап.



Жамбыл облысы мен Қырғызстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу өңір басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды.
Бірінші жәрмеңке бүгін Степной - 1 мөлтекауданында өтті. Жәрмеңкеге 60 тонна ауылшаруашылық тауарлары қойылды. Соның ішінде: 25 тонна картоп, 15 тонна сәбіз, 5 тонна қызылша, 10 тонна орамжапырақ пен 5 тонна пияз ұсынылды.
Барлық өнімлер нарық бағасынан 15 процентке төмен бағамен сатылымға қойылды. Сатып алушылар өнімдердің бағасына да, оның сапасына да дән риза, делінген әкімдіктің хабарламасында.
Осындай жәрмеңкелерді апта сайын өткізу жоспарлануда. Сауда нысандары, әлеуметтік павильондардағы әлеуметтік қатарлар арқылы жеміс-көкөніс өнімдері сатылатын болады. Тауар көлемі сұранысқа орай артып отырады.