Автомат ұтыстарды ақша түрінде қабылдаған. Тонаушылар ішінде ақша болуы мүмкін деген есеппен құрылғыны басқа жерге алып кеткен. Алайда, қылмыскерлерді көрген жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақ қойыла бастайды. Ұрлықшылар сол жерде ойын автоматын қалдырып, іздерін жасырған.
Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1993 және 1978 жылғы күдікті екі адам ұсталды.
«Қылмыстық кодекстің 24-178-бабында көзделген «Тонауға әрекет ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.