Батыр есімді зебра Алматы зообағынан алынған. Оны хайуанаттар бағына Қарағандыдағы супермаркет желілері бірінің басшысы Лариса Югай сыйға тартқан.
«Батыр - ала құланның төлі. Оның жасы бір жарымда. 2017 жылы зообаққа 80 жыл толады, сондықтан бұл осындай айтулы мерекеге орай тартылып отырған керемет сый», - деді зообақ бөлімдерінің бірінің басшысы Амин Алин.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі ала құланды кең қоршауға орналастырды.
Ала құланды сыйға тартқан кәсіпкер бұл сыйлыққа байланысты пікір білдіруден бас тартты.