«Жылдың басынан бері Қарағанды зообағында жаңа хайуанаттар пайда болды. Олардың қатарында жанат, жирен түлкі, борсық пен кайман (қолтырауынның бір түрі) бар. Санын көбейту үшін шиншилланың ұрғашысы мен еркегін әкелдік», - деді зообақтың қызметкері Толқын Сапар.
Бұдан бөлек, тәлімбақтағы қара сұр түлкі пайда болды. Сондай-ақ, өңірде мекен етпейтін кайман секілді 4 ақ тауыс, альбинос питон және солтүстік бұғысы жеткізілді.
Еске салайық, Қарағанды хайуанаттар бағының ең кәрі жануары - Эму атты түйеқұс биыл 32 жасқа толды.