«Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының ошақтарын оқшаулауға және Шахтинск қаласы, Шахан кенті, Новодолинский кенті және Долинка кенті аумағында байланыста болған адамдардың анықталуына байланысты, Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды, Қарағанды – Шахан – Қарағанды қатынасымен қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы қозғалысын қайта бастау туралы шешім қабылданды. Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша сантарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап Шахан, Новодолинский және Долинка кенттерінде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеулер енгізілген болатын.