Бұл Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Михайловка, «Восток-5» және «Көгілдір тоғандар» шағынауданы мен Ақтас ауылына қатысты.
«Қарағанды Су» компаниясынан хабарлағандай, сейсенбі, 10 қазан күні су жіберу құбыры іске қосылады.
«Жұмыстар барысында ауыз суды беру тоқтатылады. Жұмыстар аяқталған соң су қайта беріледі, бірақ онда хлор мөлшері көп болады. 2017 жылдың 11 қазанында суды ішуге және тамаққа қосуға болмайды. Сондықтан екі тәулікке жетерлік су толтырып алуға кеңес береміз», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.