Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, тілсіз жау Орталық дүкеннің қосалқы бөлмесінен тұтанған. Киім-кешектер жана бастаған.
«Өрт 16:05-те екінші қабатта тұтанды. Алау өрт сөндіру қызметкерлері жеткенше ауыздықталды, 16:31-де толықтай сөндірілді. Жалын екі шаршы метр аумақты шарпыды», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 қызметкері мен төрт техника жұмылдырылды.