Қарағандының өз Арбаты пайда болды
16:42, 01 Маусым 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының Арбаты бүгін С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ғимаратының жанында ашылды.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.«Осы жылғы ақпанда облыс әкімі Н.Нығматуллиннің халыққа есеп беру жиналысында жергілікті суретшілер өз туындыларын халық назарына ұсынатын, қала жұртшылығының бір-бірімен кездесетін орыны - Қарағандының өз Арбатын құру жөнінде ұсыныс енгізілген болатын. Аймақ әкімі бұл ұсынысты құптап, қаланың өз Арбаты болатынына уәде еткен. Әкім сөзінде тұрды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Бұл орынның таңдалуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Қаздрамтеатр облыс жұртшылығының ең көп жиналатын жері, Қарағандының мәдени өмірінің ошағы іспетті, - деп атап өтті баспасөз қызметі. ? Бұған қоса енді мұнда тағы бір құтты мекен бой көтерді, қала жұртшылығы осы жерге көптеп тартыла бастайды және шығармашыл топ өкілдерінің де бас қосатын орнына айналмақ».