Қарағандының «Шахтері» Еуропа лигасының ойынында польшалық «Рух» командасынан жеңіліп қалды
09:22, 02 Шілде 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының «Шахтері» Еуропа лигасының ойынында 1:2 есебімен польшалық «Рух» командасынан ұтылып қалды.
«Кеншілер» командасының жалғыз голын алғашқы таймда Алдин Джидич кіргізді. Алаң иелері бірнеше мәрте қауіпті шабуыл жасағанымен, есепті теңестіре алмады. Польшалықтар екі доп салып, басымдық танытты.