22 мамыр күні сағат 12:29-да «101» желісіне «Сұрыптау» стансасындағы өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 12:38-те келіп жеткен кезде шаруашылық құрылыстар блогында ағаш қора жанып жатқан. Жалынған орнаған қораның шатыры құлаған. Өрттің гараждарға таралу қаупі туындаған.
«Өрт сөндіру барысында қордана 4 газ баллоны шығарылды. Сағат 13: 31-де өрт сөндірушілер гараждарға оттың таралуына жол бермей, жалынды толығымен сөндірді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД №12 (Сұрыптау) және №7 (Майқұдық) өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам және 2 техника жұмылдырылды.