Еске салайық, облыс әкімі сәуір айында нысан құрылысымен танысып, жұмыстардың баяу жасалып жатқанын сынға алды және де жағдайды дұрыстауды тапсырғанды.
Кезекті тексеріс кезінде мердігер аймақ басшысына енді барлық жұмыстардың жоспар бойынша жүріп жатқанын баяндады.
Қайта жөндеуден кейін вокзалдың өткізу қабілеттілігі 2,5 есеге артады. Жаңа құрылыстың арқасында ғимарат кең әрі ыңғайлы болады. Жолаушылардың қозғалысы үшін перронда жер үсті өткелдері пайда болады, онда жеделсатылар қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық мүмкіндіктер болады.
Қарағандыда темір жол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. Соңғы толық жөндеу жұмыстары мұнда 11 жыл бұрын болған.
Жаңартылған вокзал жыл соңында ашылады.