Алайда табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заң бұзушыны жолдан ұстап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қарқаралы ауданының аумағында өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Қарқаралы ауданының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Қарқаралы-Егіндібұлақ» тасжолының Егіндібұлақ ауылына кіре берісінде 51 жастағы тұрғын басқарып келе жатқан «Нива 21213» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Шолып қарау кезінде автокөліктің тіркемесінен ұзындығы 2 метрді құрайтын 8 дана кесілген қарағай табылды. Жүргізушіде бұл ағаштарды тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.
«Тексеру барысында 51 жастағы ер адам Қарқаралы ауданының «Қу орманшылығы» орман қорының аумағына 8 дана қарағай заңсыз кескенін мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 340-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.