Қарақалпақстан мен Ақтау арасында жолушы тасымалдайтын жаңа әуе рейсі ашылды

Фото: centrum-air.com

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 3 шілдеден өзбекстандық «Centrum Air» әуекомпаниясының ұшақтары «Нүкіс – Ақтау – Нүкіс» бағыты бойынша рейс орындай бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Жаңа тұрақты әуе рейсінің ашылуына орай Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты іс-шара өтті. Оны Маңғыстау облысының әкімдігі мен Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулдығы ұйымдастырды.

«Centrum Air» компаниясының ұшағы аптасына екі рет жолаушылар тасымалдайды. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл бағыт екі елдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Еске салайық, биыл мамырда «Астана-Самарқанд» бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды. Сонымен қатар аталған маршрут бойынша жолаушы тасымалдайтын ұшақтар Түркістан қаласына да аялдайды.