Қазақ халқының ұлттық мейрамдарының бірі Көрісу күнін Наурыздың басталуы ретінде Өзбекстандағы көп ұлт, соның ішінде туысқан қарақалпақ халқы да тойлайды.
Білім ордасында өткен әдеби кешті институт проректоры П.Калханов ашып, жиналғандарды Амал мерекесі және Наурыз мейрамымен құттықтады.
Шарада көпке қазақ халқының ұлттық тағамдары тартылып, институттың түркі тілдер факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы профессор-оқытушылары және студенттері әдеби-көркем бағдарлама ұсынды.
Әсіресе қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары, соның ішінде қыз ұзату, беташар көптің көңілінен шықты. Шара соңы ән кешіне ұласты.