Каракас музейінен ұрланған Анри Матистің картинасын АҚШ билігі Венесуэлаға қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каракастың Қазіргі заманғы өнер музейінен ұрланған Анри Матистің «Қызыл шалбарлы қызметші әйел» картинасы Каракас билігіне қайтарылды.

Бұл туралы елдің мәдениет министрі Фидель Барбарито мәлім етті.

Оның айтуынша, сарапшылар қорытындысынан кейін сурет астаналық музейге қойылатын болады.

Бұл шығарманы Каракас мұражайы 1981 жылы Нью-Йорктің галареяларының бірінен алған. Матисс салған туынды үшін 1925 жылы 480 мың доллар төленген.Ал қазіргі бағасы 10-12 миллион доллар шамасында.

Алдын ала болжам бойынша, туынды 2002 жылы ұрланған болуы керек. Тек үш жылдан соң ғана түпнұсқаның орнында көшірмесі қойылғандығы анықталған.

Венесуэлалық өнерқұмар азаматтың атақты шығарманың Майамиде «қара» базарда сатылғандығы жөніндегі хабарынан соң билік іздеуді бастаған. 2012 жылы картина Флорида штатында контрабандашылардан алынды.