«Биыл Республика күні ұлттық мереке болып жарияланды. Қайта жаңғырған мерекеге орай патриоттық сана-сезімді арттыруға септігін тигізетін аты аңызға айналған «Атамекен» әнін орындадық. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын!». — деді Қ.Әбден.
Кандидаттың республикалық және облыстық сайлауалды штабтары белсенді жұмыс істеуде. Ақмола облысы мен Қарағанды сайлаушыларымен жүздесіп үлгерген Қарақат Әбден алдағы уақытта Павлодар және Абай облыстарының тұрғындарымен кездеспек.