Сайлаушылармен кездесуге жергілікті тұрғындар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты.
Жиында балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.
Бұған дейін Қарақат Әбден Алматы облысының Талғар қаласында сайлаушылармен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.