Қарақат Әбден кездесуде отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды.
Бұдан бөлек, кездесу барысында сайлаушылармен өзге де өзекті әлеуметтік-қоғамдық сұрақтар талқыланды.
Еске салсақ, елімізде бұған дейін кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.