«Шын мәнінде көптеп жиналған халықтың ықыласынан, көңіл-күйінен мерекені сезініп тұрмын. Сайлау біз үшін маңызды, себебі бұл науқан еліміздің ертеңгі болашағымен сабақтасып жатыр. Сондықтан да болашағымызға бей-жай қарай алмайтын еліміздің азаматшасы ретінде дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Алдағы уақытта да еліміздің даму қарқыны үдей түсетініне сенімдімін»,-деді әнші.
Оның сөзінше, тұрғындардың кезегін күтіп, көптеп жиналуы, дауыс беруге талпынған ынтасы нағыз мерекелік әсерді сездіреді.
«Сондықтан бүгінгі мерекеміз жақсы басталды. Халқымыздың дауыс беру белсендігінен болашағымыздың жарқын екеніне сенімдімін»,-деді Қарақат Әбілдина.