Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда, «Су тұщыту» зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін, ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС ауыз сумен қамтамасыз етіп келген.
Жыл сайын жаз мезгілінде ауыз судың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырған.
Осыған дейін Бурабай ауданының әкімдігі мен мәслихаты елді мекендердің шекарасын кеңейту туралы шешім қабылдап, Бурабай кенті, Щучинск қаласы және Бурабай ауданының әкімдері Ұлттық парк аумағынан жер телімдерін заңсыз бөлгені туралы хабарладық.