Қаракөлде Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққулар қыстап қалған

Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласынан 10 шақырым қашықта орналасқан Қаракөл көлінде 200-ден астам аққу қыстап жатыр. Соның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сұңқылдақ аққу да бар.

Жуырда Қаракөл көлінде суда жүзетін және су маңайы құстарының 60-шы халықаралық қысқы санағы өткен.

Соған сәйкес көлде 200 ге жуық сыбырлақ аққу, 150 ге жуық қасқалдақ, 100 шақты өгізшағала, 50-ге жуық барылдауық үйрек пен 20 шақты сарыайдар үйрек бар.

Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған

Сонымен қатар, 7 сұңқылдақ аққу, 3 саз құладыны, 2 аққұйрықты субүркіт пен 1 көкқұтан есепке алынған. 

— Санақ барысында сирек кездесетін құстар да кездесті. Мысалы, сұңқылдақ аққу мен аққұйрықты субүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, яғни ерекше қорғауды талап ететін құстар, — дейді ECOJER аймақтық экология кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.

Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған

Санақты Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің экология бойынша үйлестірушісі Бақытгүл Өмірханқызының жетекшілігімен «Эколидер» волонтерлік клубы «Қаракөл сақшылары» жасағының белсенді мүшелері Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің қатысуымен жүргізген. 

Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған

Бұған дейін, Ақтауда әлсіреп, ұша алмай қалған екі аққу құтқарылған болатын.

Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған