СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, «Талшық Астық LTD» ЖШС-ға қарақшылық шабуыл 19 қараша күні кешкі сағат 19.15-те болған. Шолақ аңшы мылтығына ұқсас затпен қаруланған белгісіз төрт қылмыскер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, ЖШС басшысына сес көрсеткен. Олар 170 миллионнан астам теңгені және 2 ұялы телефонды алып кеткен.
«Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл қылмыс СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың және облыстық прокуратура басшысының бақылауына алынды», - дейді баспасөз қызметкерлері.
СҚО-да қылмыскерлерді ұстау операциясы жарияланды. Жедел-тергеу іс-шарасына барлық патрульдер мен жасақтар жұмылдырылып, облыстардың Полиция департаменттеріне бағыттама жіберілді.