Қалалық соттан мәлім еткендей, биылғы сәуір айында елорданың екі тұрғыны Э. және К. «Жастар» сарайы ғимаратының терезесін сындырып, ішінен 6 конькиді ұрлап кеткен. Сөйтіп, 90 мың теңгеге шығын келтірген.
«Сотталушы К. бұған дейін де ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, №2 Алматы аудандық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығы шектелген болатын. Жазасы толық өтелмеген», - делінген сот ақпаратында.
№2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен азаматтар Э. және К. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша (Ұрлық) кінәлі деп танылды.
Жазаны тағайындау барысында сот жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерген. Солайша, азамат К. 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болады.
Азамат Э.-ның бостандығы 2 жыл 6 айға шектелді. Сондай-ақ ол жаза мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады. Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.