Қарақшылар сатушы мен күзетшіні таяққа жығып, 2 млн рубльдің бұйымдарын алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Мәскеудегі ломбардтың сатушысы мен күзетшісін таяққа жығып, 2 млн рубльдің заттарын алып кетті, деп хабарлады «Интерфакс» ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«27 маусымда 10:45-те Чонгар бульвары, 22 үйдегі ломбардқа 4 белгісіз адам кіріп келіп, пышақпен қорқытқан әрі сатушы мен күзетшіні жұдырықтың астына алған. Содан кейін шыныны сындырып, зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен»,- деп мәлім етті баспасөз орталығының қызметкері.

Басы жарылған күзетші ауруханада жатыр, ал сатушыға медициналық жәрдем көрсетілді.

«Материальдық шығын 2 млн рубльді құрап отыр. «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-дейді ведомоство өкілі.