Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 26-30 жас аралығындағы жұмыссыз үш тұрғыны ұсталды. Олардың біреуі ұрлық және көлікті айдап әкету қылмысы үшін бұрын сотталған. Қылмыстық топтың облыс аумағында жасалған 3 қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі анықталды.
«4 қаңтарда таңғы сағат 4-те қылмыскерлер «Алматы-Термез» автожолындағы «Машат» асуында «Скания» жүк көлігінің жүргізушісіне қарсы қарақшылық шабуыл жасады. Жәбірленушіге тиесілі 30 мың теңге және оның жеке мүлкін қолды қылған. Бірнеше күннен кейін қылмыскерлер Шымкент қаласының әйел тұрғынына шабуыл жасап, пәтерінен 600 мың теңге жымқырды. Сондай-ақ, наурыздың соңында қылмыстық топ Түлкібас ауданындағы Елтай ауылының тұрғынына қатысты қаруды қолдана отырып, қарақшылық жасап, оның жеке мүлкін иеленді», - деп нақтылады ресми өкіл.