Қарақшылық қылмысы небәрі 20 минутта ашылды - ШҚО

None
ӨСКЕМЕН. 16 қараша. ҚазАқпарат - Қарақшыларды жедел ұстаған Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі істер департаментінің үш патрульдік полицейі марапаттауға ұсынылды.

Еркебұлан Суықбаев, Ерік Ілиясов және Рауан Оралбеков 18 жастағы студенттің шағымдануынан кейін оған қарақшылық жасаған екі жас адамды небәрі 20 минут өткен соң тапты.

Ұстау кезінде олардан Қытайда шығарылған пневматикалық тапанша мен асүйлік пышақ алынды. Шабуыл жасағандардың бірінің қалтасынан «Нокиа» ұялы телефоны табылды, ол иесіне қайтарылды.

Ұсталғандар ЖОО-да екінші курста оқитын 18 жастағы және үшінші курста оқитын 19 жастағы студенттер болып шықты. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды, ҚР ҚК-нің 179 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.