«Қазанның 15-інде Қазақстанның «Интерпол» Ұлттық орталық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны Авазбек Ирисметовті ұстады», - деді ол.
Қ.Жұмановтың атап өтуінше, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау үшін тиісті материалдарды дайындау үстінде.