Белгілі болғандай, талдықорғандық полицейлер 30 қаңтарда жергілікті тұрғындардың бірінен қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөніндегі арызды тіркеген. Үш ер адам қала көшелерінің бірінде мылтықпен қорқытып жәбір көрушінің «Айфон-5» ұялы телефонын алып кеткен.
Полицейлер бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 191 бабы 2 бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары ізін суытпай үш күдіктінің екеуін ұстады.
Факті бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.