«Азияның медиа диалогы» форумы аясында өткен «Radio Asia» конференциясы кезінде спикерлер осы спорттық мерекеге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен автожарыстың қиындығы туралы айтты.
Халықаралық жарыс Түрікменстанда 2018 жылдың 11-15 қыркүйегінде Амуль - Хазар бағыты бойынша өтіп жатыр.
Әмудария жағалауынан бастап Каспий теңізіне дейін жалғасатын жарыстың қашықтығы 1 158 шақырымды құрайды. Маршруттың басым бөлігі Қарақұм арқылы өтетіндіктен, бұл түрлі елдердің қатысушылары үшін маңызды сынақ болмақ.