Қарақұртқа байланысты Торайғыр көлінің солтүстігінде шатыр құруға рұқсат берілмейді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Баянауыл ұлттық паркінде қарақұрттың шығуы биыл да тіркеліп отыр. Парк қызметкерлері оларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

Жуықта Баянауыл ұлттық паркі ғылым және мониторинг бөлімі мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары бірлесе отырып, 6-шы орамдағы Торайғыр көлінің тасты жағажайында қарақұрттарды көзін жою іс-шараларын жүргізген.

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

Парк өкілдері Торайғыр көлінің солтүстік жағалауындағы тасты жерлерге туристік шатыр құруға болмайтынын ескертіп отыр. Жәндіктердің таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындар мен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

Қарақұрт — улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Көздері күндіз-түні бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салып, айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді.

Еске сала кетейік, Баянауылда биыл тағы қарақұрт шығып жатқаны туралы бұған дейін де жазғанбыз.