«2018 жылғы 14 сәуірде таңғы сағат 04:00 шамасында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының инспекторларымен бірлескен рейдтік шара барасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының аймағында «УАЗ» маркалы автокөлік мінген браконьерлерді ұстады», - деп жазды ол.
Оның жазуынша, автокөлікті тексеру барысында 1 қарақұйрықтың тушасы, құжаты жоқ 2 патроны бар 16 калибрлі аңшы мылтығы және 38 патронымен оптикалық дәлдігі бар «Веппер» мылтығы табылған.
«Оқиға болған жерге Шиелі АІІБ-нің жедел тобы шақырылды. Аталған факт 2018 жылғы 14 сәуірде СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Сәкен Ділдахмет.
Фото: fhc.kz