«Кінәлі болса да, болмаса да қарамағындағы қызметкер жемқорлықпен ұсталса, онда кез келген басшы өзінің отставкаға кетуге дайын екендігін мәлімдеу тиіс. Одан кейін сәйкесінше, тексеру амалдары оны лауазымынан босату-босатпауды анықтай жатар. Меніңше, бұл - барынша маңызды. Бұл - мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды бір бөлшегі», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жемқорлыққа қатысы болған мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметке қайтып оралуына жол жоқ.
«Осындай жайттар орын алғаны анықталса, онда ол жария етіліп, мемлекеттік қызметімен ол адам бірден қош айтысады», - деді Андрей Кравченко.