Бөлім қызметкерлері басшыларының намысқа тиіп, балағат сөз айтатындығына шағымданған. Анонимді жазба Instagram желісінде пайда болды. Алайда кейін аудиожазба өшіп қалған.
«Жағдайды анықтау үшін арнайы құрылған комиссия экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысымен және қызметкерлерімен жоғарыда аталған факті бойынша сұрақ жауап алды. 11 желтоқсанда қызметтік тергеу барысында Қ.Н.Тоқтасынов өз еркімен еңбек шартын бұзу туралы өтініш жазды. Осылайша, 2020 жылдың 14 желтоқсанында экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Қ.Тоқтасынов қызметінен босатылды, осыған байланысты комиссия қызметтік тергеуді аяқтау туралы шешім қабылдады «, - деді «Тұрғын үй» ЖШС.
Еске салсақ, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.