КАРАНТИН: Алматыда қылмыс - 25%, апат 70% азайған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы карантин мерзімінде қылмыс көрсеткішінің азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы криминогенді ахуал тұрақты. Қылмыстық көрсеткіштер азайды. Тәулік бойы қалада 70 қылмыс тіркелген. Олардың 57-нің ізі суымай ашылды. Қылмыстық көрсеткіш 25,5% төмендеген. Сонымен қатар, қалада жол апатының көрсеткіші 70% төмендеген. Жедел басқару орталығы пультіне 1785 қоңырау түскен. Олардың 888 –і полицияның араласуын талап тесе, 897 адам тек кеңес алған», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Сall centеr желісіне 7000 қоңырау түскен.