АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Халық карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
«Егер өзін-өзі оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін біздің қаламызда індетті жұқтыру күрт төмендейді деп болжап, есептеп отырмыз» ,– дейді Тілеухан Әбілдаев
Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті.
Айта кетейік, бүгін Алматыда тағы бір науқас емделіп шықты. Бұл Қазақстан бойынша коронавирустан айыққан 27-ші адам.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.