2020 жылғы қаңтар-наурыз аралығында елден 7,3 мың адам кеткен – бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайыз аз (8,4 мың адам). Елден кеткен адамдар санының азаюына негізгі себеп - COVID-19 вирусының таралуына байланысты қабылданған карантиндік шаралар. Бұл ретте ағымдағы жылдың осындай кезеңінде Қазақстанға келушілер саны 34,4 пайыз өсіп, 4,3 мың адамды құраған.
Анықтама үшін: жалпы алғанда, 2019 жылы елден 45,2 мың адам кетіп, барлығы 12,3 мың адам келген.
Елден кеткен адамдардың басым бөлігі Ресейге көшкен: 6,4 мың адам немесе жалпы санның 86,6 пайызы. Германияға 456 адам (немесе 6,2%), Өзбекстанға 115 адам (немесе 1,6%). Сондай-ақ, елден АҚШ-қа -106, Беларуське 51 адам көшіп кеткен.