Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап отыр.
Атап айтсақ, Келес ауданында мониторинг топтары 1 мыңға жуық нысанды тексерген.
Карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзғандарға айыппұл салынуда.
Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды.
Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.