Елордадағы санитарлық блокпостар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға не кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокпостарда санитарлық-карантиндік бақылау жалғасып жатыр.
Оған мыналар қосылмайды:
халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар;
медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар; көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар;
Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін; патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;
шет мемлекеттердің азаматтары; карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар; карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар;
әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар;
қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар;
азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың және транзит жүк көліктер.
Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтыны айтылған.
Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір тұлға «БЛОКПОСТ» ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.