Комиссия шешімімен мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс.
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақталады:
ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;
үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.