«Егер де күдік болғанымен, хаттама толтырылып жатса, онда бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Карантин режімін бұзу - ол міндетті сотта қаралатын құқықбұзушылыққа жатқызылған. Қашықтан болса да, сотта қаралады», - деді М. Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.
Оның сөзіне қарағанда, хаттама толтырылған кезде полицейден бұл әкімшілік іс қай сотта қаралатынын сұрау керек.
«Кейіннен сотқа өзіңіздің дәлелдеріңізді ұсыну керек, бұған қосымша уақыт беріледі. Сот нақты істегі барлық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев күшейтілген карантин режіміндегі жаңа міндеттерге қатысты пікір білдірді.