«Оқшаулану кезінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер үшін 7,5 мыңнан астам құқық бұзған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жартысына жуығы әкімшілік қамауға алынды», - деді М. Баймұқашев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбына арналған онлайн режимдегі талқылауда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осы мәселеде тек құқықтық шаралар жеткіліксізекенін, яғни, жүйелі қоғамдық жұмыс керектігін атап өтті.
Бұл тұрғыда ҮЕҰ-ның, сарапшылық қоғамдастықтың, кәсіби психологтардың, сондай-ақ басқаның отбасылық бақытына бей-жай қарамайтындардың ортақ күш-жігері керек.