Аймақ бойынша күн сайын жүргізілетін рейдтер өз тиімділігін көрсетіп отыр. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткен кезекті рейд барысында ереже бұзу фактілері бұрынғыдай көп тіркелмеді.
«Глубокое ауданында 1 желтоқсан күні 101 нысан тексеріліп, санитарлық нормаларды сақтамаудың 1 фактісі анықталды. Г.М. Каримова есімді әйел адам қолданылған жеке қорғаныс заттарын жинау мен сақтау ережелерін бұзған. Салынған айыппұл сомасы – 41 670 теңгені құрады. Сондай-ақ Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы «Еркетай» дүкенінің иесі Б.Малғаждароваға қатысты бұрын анықталған ереже бұзу фактісі бойынша 319 470 теңге мөлшерінде айыппұл салынды» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Айта кетейік, ШҚО-да 128 мониторинг тобы жұмыс істеуде. Оның құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кіреді.
Осыған дейін Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулердің 17 желтоқсанға дейін ұзартылғаны хабарланған.